Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Ростелеком» ЖАҚ қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы

Скачать

Құрметті клиенттер!

 «Ростелеком» ЖАҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қорытындысы бойынша қарапайым акциялар бойынша, бекіту күніне 2024 жылдың 27 қыркүйегінде бір акция үшін 6,06 рубль мөлшерінде, дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданды, ISIN RU0008943394. 

«Ұлттық есеп айырысу депозитарийі» банктік емес несие ұйымы акционерлік қоғамына (ҰАД БЕНҰ АҚ) құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттілігін ескере отырып, Сізге мәліметтерді (құжаттарды) Қазақстан Халық банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ (бұдан әрі – Halyk Finance) кеңсесіне жіберу туралы толтырылған және қол қойылған хабарламаның түпнұсқасын толтыру және A05A1B9, Алматы қ., Абай даңғылы 109 «В», 5 қабат немесе Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/16, блок с 3.1, 335 кеңсе (нысанды мына жерден жүктеп алыңыз) мекенжайына жіберу қажет. 

Ресей рубліндегі толық банктік деректемелерді https://halykfinance.kz/form-details/?lang=kk сілтемесі бойынша сайтта нысанды толтыру арқылы ұсынуды сұраймыз. 

Жеке куәліктің сапалы көшірмесін деректемелері бар нысанды толтыру кезінде тіркеуді сұраймыз.

Осылайша, дивидендтер алу үшін Сізге төмендегілер қажет:

  1. ХАБАРЛАМА-ТҮПНҰСҚА (нысанды мына жерден жүктеп алыңыз). 
  2. РЕСЕЙ РУБЛІНДЕГІ БАНК ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ – банк деректемелерін ұсыну нысаны бойынша 
  3. ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ САПАЛЫ КӨШІРМЕСІ – көшірмені деректемелері бар нысанға тіркеңіз 

Ақпарат беру мерзімі 2024 жылғы 15 қарашадан кешіктірмей.

Назар аударыңыз! Нысанды толтыру үшін Google Chrome немесе Microsoft Edge браузерлерін қолданған жөн. Halyk Finance ұсынылған деректемелерді тексеруді жүзеге асырмайды, деректемелердің дұрыстығы үшін жауапкершілік акция ұстаушыға жүктеледі. Halyk Finance дивидендтер алуға кепілдік бермейді. Банк деректемелерін толтырмас бұрын, ҰАД БЕНҰ АҚ-нан Сіздің банктің рубльді есептеу мүмкіндігін нақтылауды ұсынамыз.

Атырау, Қарағанды, Ақтау, Өскемен, Орал, Шымкент, Қостанай, Павлодар қалаларының ұстаушылары филиалдардың мекенжайларын төмендегі телефон нөмірлері бойынша нақтыласын.

Сұрақтар туындаған жағдайда Сату департаментіне келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: 

Телефондар: 

  • Алматы қ.: +7 701 006 41 81, іш. 3316, 3317, 3346, 3364, 3433.
  • Астана қ.:  +7 701 006 41 80, іш. 3360, 3391, 3392.
  • WhatsApp +7 707 357 3170, +7 707 264 34 33

Өтінеміз, нысанды толтыру үлгісін қараңыз:

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус