Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!
Басты бетБрокерлік қызметСұрақтар мен жауаптар

Сұрақтар мен жауаптар

Эмитент дегеніміз не?

Эмитент – бұл өз қызметін қаржыландыру үшін бағалы қағаздарды әзірлейтін, тіркейтін және сататын заңды тұлға, жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе атқарушы орган.

Экс-дивидендтік күн дегеніміз не?

Бұл акциялар дивидендтік төлем алу құқығынсыз листинг рәсімінен өткен шетелдік қор биржасында тізімделген алғашқы сауда күні.

"Номиналды ұстау" термині нені білдіреді?

Бағалы қағаздарды номиналды ұстау-бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және олардың есебінен номиналды ұстау шартына сәйкес немесе осы Заңға сәйкес белгілі бір заңды әрекеттер жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу және растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен мәмілелерін тіркеу

Дивиденд дегеніміз не?

Дивиденд-акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша эмитент төлейтін, валюта кодын көрсете отырып, салық салынғанға дейін бір акцияға жарияланған ақша сомасы түріндегі табысы. Дивидендтер Эмитенттің дивидендтік саясатында көзделген кестеге сәйкес жарияланатын және арнайы, яғни белгілі бір оқиғаға немесе жағдайларға, оның ішінде Эмитенттің жекелеген корпоративтік оқиғаларына байланысты жарияланатын тұрақты болып табылады.

Қандай жағдайларда дивидендтер төленеді?

Акционерлік қоғам дивидендтер төлеуді таза табыс болған жағдайда жүргізеді. Дивиденд тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жылына бір рет төленуі мүмкін.

Дивидендтер төленген кезде, ең алдымен, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер, содан кейін жай акциялар бойынша дивидендтер төленеді. Артықшылықты акциялар бойынша тіркелген дивидендтерді төлеу үшін жеткілікті пайда болған кезде қоғам аталған акцияларды ұстаушыларға дивидендтер төлеуден бас тартуға құқылы емес.

Дивидендтерді төлеу күні дегеніміз не?

Бұл эмитенттің дивидендтер төлейтін күтілетін күні.

Акционерлер тізілімін тіркеу күні дегеніміз не?

Бұл акциялар бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні.

"Halyk Finance" АҚ-да брокерлік шотты қалай ашуға болады?

Брокелік шотты келесі жолдарымен ашуға болады:

  • қашықтан - ресми Halyk Finance мобильді қосымшасы арқылы (AppStore және Google Play-де қолжетімді),
  • Компанияның Сатулар департаментінің менеджеріне немесе инвестор орналасқан жердегі трансфер-агентке хабарласу арқылы.
Шот аш үшін қанша уақыт кетеді?

Әдетте, жеке тұлғаға арналған брокерлік шот қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ашылады.
Өтінім бергеннен кейін шот ашудың ең ұзақ мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды.

Шотты қашықтан ашуға бола ма?
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус