Охонов Фархад Рашидович
Басқарма төрағасы
2010 жылдың қыркүйегінен бастап «Halyk Finance» АҚ қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің директоры. Банктің инвестициялық басқармасының құрамында ол корпоративтік клиенттердің Қазақстандағы және халықаралық борыштық және акционерлік капитал нарығындағы жалпы сомасы 30 млрд. АҚШ долларынан асатын соманы тарту бойынша жобаларын, сондай-ақ міндеттемелерді, қаржылық консалтингті және корпоративтік қаржыларды басқару жобаларын үйлестірді.
2005 жылдан 2009 жылға дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Қаржы институттары бөлімінде жұмыс істеді, ол акционерлердің артықшылықты құқықтарына сәйкес акцияларды орналастыру,IPO-ны коса капитал тарту, секьюритилендіру, жеке орналастыру, еурооблигацияларды шығару, синдикатталған қарыздарды тарту мәмілелерін жүзеге асырған,сондай-ақ халықаралық даму институттарымен жұмыс атқарған.
2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Цеснабанк» АҚ халықаралық қатынастар бөлімінде жұмыс істеді.
2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы арқылы «Қаржы» мамандығы бойынша Джордж Вашингтон университетін (Вашингтон, АҚШ, АҚШ) және 2002 жылы Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университетін «Мемлекеттік муниципалдық басқару» мамандығы бойынша оқуды үздік бітірді.