Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Салық салу

Салық декларациялары: оларды қалай және қашан беру керек?
1
Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген кезде сіз ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін өз активтеріңіз бен міндеттемелеріңіз туралы ақпаратпен 250.00 нысаны бойынша декларация тапсырасыз. 250.00 нысаны бойынша Декларация бір рет беріледі.
2
250.00 нысаны бойынша кіріс декларациясы ұсынылғаннан кейін келесі жылға 270.00 нысаны бойынша декларация беріледі. Декларацияда өткен жылғы транзакциялар және есепті жылдың соңындағы шетелдік активтер туралы ақпарат бар.
3
270.00 нысаны бойынша Декларация жыл сайын 15 қыркүйекке дейін беріледі. Жеке тұлғалар онда табыстары, активтерді сатып алу және иеліктен шығару туралы ақпаратты, сондай-ақ есепті кезеңде шетелдік активтер туралы деректерді көрсетеді.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді

Жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті:

  • әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру;
  • жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру;
  • сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.
     
Салық декларациялары: оларды қалай және қашан беру керек?
1
2024 жылы: 250.00 нысаны бойынша декларацияны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады; 270.00 нысаны бойынша декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
2
2025 жылы: 250.00 нысаны бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тапсырады; 270.00 нысаны бойынша декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады.
3
2026 жылдан бастап 270.00 нысаны бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының барлық азаматтары тапсырады.
EY Kazakhstan және ҚР ҚМ МКК өкілдерінің қатысуымен Жалпыға бірдей декларациялау туралы Halyk Finance вебинарының материалдары.
Сұрақтар қалды ма?

Нысан бойынша салық декларациясы туралы білуіңіз керек барлық нәрсе:

250.00270.00

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

ҚР ҚМ МКК жауап береді

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус