Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!
Басты бетАктивтерді басқаруСенімгерлік басқару

Сенімгерлік басқару

Halyk Finance институционалдық инвесторлар мен ірі жеке капитал үшін
жеке портфельді басқаруды ұсынуға қуанышты

Институционалдық инвесторлар үшін сенімгерлік басқару

Halyk Finance Қазақстан мен Орталық Азиядағы ірі басқарушы компаниялардың бірі болып табылады.

Біздің артықшылықтарымыз:

  • Halyk Finance қазақстандық ірі институционалдық инвесторлардың активтерін табысты басқарудың 8 жылдан астам тәжірибесі бар;
  • Портфельді басқарушылар Қазақстандағы институционалдық инвесторлар үшін инвестициялаудың реттеуші шарттарын терең түсінеді, институционалдық инвесторлардың қызметін реттеу саласындағы заңнаманы әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарына белсенді қатысады.
Ірі жеке инвесторлар үшін сенімгерлік басқару

Halyk Finance ірі жеке инвесторлардың активтерін сенімді басқару бойынша қызмет көрсетеді. Біз әрбір клиенттің жағдайын жеке қарастырамыз. Инвестициялау стратегиясын әзірлеу кезінде, басқалармен қатар, мынадай (келесідей) факторларды назарға аламыз:

  • Инвестициялау мақсаттары және мақсатты табыстылығы;
  • Инвестициялық тәуекелдерді қабылдауға ниет және қабілеттілік;
  • Инвестициялау көкжиегі;
  • Жеке шектеулер (Инвестордың ағымдағы Қаржылық жағдайы, жасы, таяудағы жылдарға арналған жоспарлары, тұрақты шығыстарға қызмет көрсету қажеттілігі және т.б.).

Активтерді сенімгерлік басқару өзіне төмендегілерді қосады

Клиенттің табысын, қаржылық қажеттіліктерін, тәуекелге төзімділігін, уақытша көкжиекті, салық салуды, ішкі шектеулерді және басқа факторларды ескере отырып, Клиенттің жеке инвестициялық стратегиясын айқындау Инвестициялау жүргізілетін қаржы құралдарының тізбесін (акциялар, облигациялар, деривативтер, ETF және т.б.), сондай-ақ инвестициялау лимиттерін (географиялық, 1 эмитентке, салалық, валюталық және т.б.) айқындау
Жеке инвестициялық стратегияға сәйкес сенімгерлік басқару шартын және инвестициялық декларацияны әзірлеу және келісу Портфельді қалыптастыру және клиенттің өзгеріп отыратын нарықтық конъюнктурасына және басымдықтарына сәйкес оны мерзімді жаңарту
Инвестициялау лимиттері мен тәуекелдерінің тұрақты мониторингі ҚР заңнамасының талаптарына және клиенттің тілектеріне сәйкес күнделікті негізде портфель бойынша есептілікті дайындау

 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус