"Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі-Ұйым) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен (бұдан әрі-Агенттік) қадағалауға назар аудару бойынша ұсынылатын шаралардың (18.10.2023 жылғы № 04-1-21/3061) алынғаны туралы хабарлайды, оған сәйкес Агенттік Ұйымға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 211 "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыратын лицензиаттардың және бірыңғай оператордың есептілікті ұсыну тізбесін, нысанын, мерзімін және оны ұсыну Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес уәкілетті органға сенімді есептілікті ұсыну бөлігінде ішкі бақылау жүйесін күшейтуді ұсынады.
Сонымен қатар, бұл ұсынымдық қадағалау шарасы Сіздің Қоғамдағы қызметіңізге байланысты емес екеніне назар аударамыз.