Құрметті клиенттер!
Осымен Мәскеу қ., Новинский гүлзары, 8-үй, 2-құрылыс, «Лотте қонақ үйі» мекенжайы бойынша 2025 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де (Мәскеу уақыты бойынша), бетпе-бет тәртіпте өтетін, «Норильск никель» тау-кен металлургиялық компаниясы» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі-Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Сондай-ақ дауыс беруге арналған бюллетеньді электрондық нысанда, https://lk.rrost.ru/Nornik сілтемесі бойынша толтыруға және жіберуге мүмкіндік беріледі.
Жиналыста акционерлер бірнеше қарар бойынша дауыс береді, мысалы:
- Қоғамның 2024 жылғы жылдық есебін бекіту туралы.
- Қоғамның 2024 жылғы бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін бекіту туралы.
- Қоғамның 2024 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- Қоғамның 2024 жылғы пайдасын бөлу туралы, оның ішінде 2024 жылдың нәтижелері бойынша дивидендтер төлеу (хабарландыру).
- Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
- Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
- Қоғамның ресейлік бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің аудиті үшін тартылатын аудиторлық ұйымды тағайындау туралы.
- Қоғамның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті үшін тартылатын аудиторлық ұйымды тағайындау туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің шығыстарын өтеу және сыйақы туралы.
- Қоғамның тексеру комиссиясы мүшелерінің сыйақысы туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне залалдарды өтеу бойынша мүдделілігі бар өзара байланысты мәмілелер жасауға келісім беру туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша мүдделілігі бар мәміле жасауға келісім туралы.
- Қоғамның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.
- Қоғамның «Жасанды интеллект саласындағы Альянс» қауымдастығына қатысуы туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 03 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталу күні: 24 маусым 2025 жыл. Дауыс беру үшін толтырылған бюллетеньдерді көрсетілген пошталық мекен-жайға жіберілсін: 107076, Мәскеу қ., Стромынка к – сі, 18 үй, 5Б корпус, "НРК-P. O. С.Т."АҚ. Электрондық нысанда: https://lk.rrost.ru/Nornik сайтқа кіру 2025 жылдың 6 маусымынан бастап ашық болады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз.:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 3170
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ