Құрметті клиенттер!
Осымен 2025 жылғы 27 мамырда сағат 11:00 – де (Алматы уақыты бойынша) күндізгі тәртіпте өткізілетін «Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі-Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алимжанов к-сі, 51.
Жиналыстың күн тәртібі:
- «Кселл» АҚ-ның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- «Кселл» АҚ-ның 2024 қаржы жылындағы таза кірісін бөлуге қатысты;
- «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы;
- 2025-2027 жылдарға арналған «Кселл» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
- Акционерлердің «Кселл» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
Компания акционерлері акционердің мәртебесін растайтын сұрау салу мен құжаттарды электрондық мекенжай бойынша жіберу арқылы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныса алады: materialsgm@kcell.kz, немесе «Кселл» АҚ атқарушы органының орналасқан жері бойынша: Қазақстан Республикасы, 050051, Алматы қ., Алимжанов к-сі, 51.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша жасалды.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмері бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ