Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Кселл» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен «Кселл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 26 мамырда сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) бетпе-бет тәртібінде келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әлімжанов к-сі. 51, 4-қабат, Жамбыл залы (бұдан әрі – Жиналыс). Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – 10:00 (Алматы уақыты бойынша).

Күн тәртібі:

  • Қоғамның 2025 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  • Қоғамның 2025 қаржы жылындағы таза табысын бөлуге қатысты мәселе.
  • Қоғамның және оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне акционерлердің жүгінулері және оларды қарау нәтижелері туралы.  
  • Қоғамның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша жасалады.  

Бірінші жиналыс өтпеген жағдайда өткізілуі тиіс Қоғам акционерлерінің қайталанған жалпы жиналысының өткізілетін күні – 2026 жылғы 29 мамыр, сағат 11:00 (Алматы уақыты бойынша).

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлер үшін келесі сілтеме бойынша интернет-ресурста қолжетімді: https://kase.kz/kz/information/news/show/1564707    

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус