Құрметті клиенттер!
«ҚазТрансОйл»АҚ-ның (бұдан әрі-Қоғам) кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысы 2025 жылғы 6 қарашада сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) өтетінін хабарлаймыз.
Жиналыс орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй-жай, 702 кабинет. Акционерлерді тіркеу 2025 жылғы 6 қарашада сағат 9:30-дан 10:30-ға дейін жүргізіледі (бұдан әрі – Жиналыс).
Жиналыстың күн тәртібі:
- «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау және оның мүшесін сайлау туралы.
- «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің сайланатын мүшесіне өз міндетін атқарғаны үшін сыйақы мен шығыстарды өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 13 қазандағы жағдай бойынша жасалды.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2025 жылғы 24 қазаннан бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) келесі мекенжайда таныса алады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй-жай , 808-кабинет, 809-кабинет, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ-ның интернет-ресурсында – https://kaztransoil.kz.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ