Құрметті клиенттер!
Осымен 2025 жылғы 22 мамырда сырттай тәртіппен өтетін «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
- Қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін және аудиттелген шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
- Қоғамның 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- Қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылғы атқарылған жұмыс туралы жылдық есебін бекіту туралы;
- Қоғам акционерлерінің 2024 жылғы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 25 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптастырылады.
Толтырылған бюллетеньдерді қабылдау мерзімі 2025 жылғы 15 мамырдан 2025 жылғы 21 мамырға дейін сағат 18:30-ға дейін. Астана қ., Тұран даңғылы, 20-ғимарат, 12-тұрғын емес үй-жай, 203-кабинет мекен-жайы бойынша Қоғамның кеңсесіне қолма-қол немесе пошта арқылы.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды қарау үшін 2025 жылғы 8 мамырдан бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20 ғимарат, 12 тұрғын емес үй-жай, каб. 808-809, сондай-ақ қоғамның интернет - ресурсында- https://kaztransoil.kz/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмерібойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ