Құрметті клиенттер!
Осымен Қазақстан Республикасы, Z05Н9Е8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, ж.п.1 мекенжайы бойынша 2025 жылғы 05 мамырда сағат 15:00-де (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет тәртіпте өтетін, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі-Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: 11:00 (Астана уақыты бойынша).
Күн тәртібі:
- Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы туралы;
- Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының есеп комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 5 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптастырылады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей қоғам ғимаратында мына мекенжай бойынша дайын және қолжетімді болады: Қазақстан Республикасы, Z05H9E8, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, ж.п. 1, 11 қабат, №1107 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін (Астана қаласының уақыты бойынша). Сондай-ақ, құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар Қоғамның корпоративтік веб-сайтында орналастырылатын болады. Қоғам акционерінің сұрау салуы болған кезде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай акционерге жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және құжаттарды жеткізу шығындарын осындай акционер көтереді. Акционерлердің сауалдары Қоғамның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 3170
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ