Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіндігі туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз, ол 2026 жылғы 13 тамызда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет дауыс беру нысанында өтеді. Жиналыстың өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8-үй, 1-үй-жай, 2-қабат, «Мәжіліс» конференция залы.

Қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: 10:00 (Астана уақыты бойынша).

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
  2. Жиналыстың санақ комиссиясының құрамы туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша жасалды.

Бірінші жиналыс өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 14 тамызда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) өткізіледі.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.kmg.kz/investors/shareholders_meeting/extraordinary-general-meeting-of-shareholders-of-nc-kazmunaygas-jsc-on-august/

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81  
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  •  sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус