Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы

Құрметті клиенттер!

Осымен «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 26 мамырда сағат 10:30-да (Астана уақыты бойынша) бетпе-бет нысанында өткізілетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).  Жиналыстың өтетін орны: Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ көш., 17/12 ғимараты, 3-қабат. Қатысушыларды тіркеу жиналыс болатын күні сағат 09:00-де (Астана уақыты бойынша) басталады.

Күн тәртібі:

  1. Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау.  
  2. Дауыс беру нысанын айқындау.
  3. Күн тәртібін бекіту.    
  4. 2025 жылғы аудиттелген қаржылық есептілікті бекіту.
  5. Таза табысты бөлу тәртібін бекіту, дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жәй акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
  6. 2025 жылы акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне жасаған өтініштері туралы хабардар ету.
  7. Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша жасалды.  
ЖДР ұстаушылары үшін нұсқаулықтарды берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 14 мамыр, сағат 18:00-ге дейін (UTC/GMT).

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша таныса алады:
https://www.kazatomprom.kz/kz/media/view/uvedomlenie_o_provedenii_godovogo____obshchego_sobraniya_aktsionerov_ao_nak_kazatomprom_rekomendatsii_po_dividendam_i_rezultati_zasedaniya_soveta_direktorov  

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70

sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус