Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жиналысының өткізілетіні туралы

Құрметті клиенттер! 

Осымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – қоғам) акционерлерінің жиналысының 2025 жылғы 27 мамырда сағат 10:30 – да (Астана қ.уақыты бойынша) күндізгі тәртіппен (бұдан әрі-Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, 3 қабат.

Күн тәртібі:

  1. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысын сайлау туралы;
  2. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының дауыс беру нысанын айқындау туралы;
  3. Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;
  4. Қоғамның 2024 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту туралы;
  5. 2024 жылғы шоғырландырылған таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
  6. Акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының 2024 жылғы әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпарат;
  7. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне берілетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат;
  8. Қоғамның дивидендтік саясатына өзгерістерді бекіту туралы;
  9. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы туралы;
  10. Есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау, қоғамның есеп комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптастырылады.

Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 27 мамыр 2025 жыл, 9:00 (Астана қ. уақыты бойынша).

Қоғам акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар Қоғам акционерлерінің танысуы үшін жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) күннен кешіктірілмей «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мекенжайы бойынша ғимаратында дайын болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ к-сі, 17/12 ғимарат, 18 қабат, 1807 кабинет, жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша).

Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс деректерін пайдаланып бізге хабарласыңыз:

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 31 70 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус