Құрметті клиенттер!
Осымен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2026 жылғы 22 маусымда сағат 10:30-да (Астана уақыты бойынша) Астана қ., Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимараты, 3-қабат мекенжайы бойынша бетпе-бет нысанда өтетінін хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).
Акционерлерді тіркеудің басталу уақыты – 2026 жылғы 22 маусым, сағат 09:00 (Астана уақыты бойынша).
Күн тәртібі:
- Жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлау туралы.
- Жиналыстың дауыс беру нысанын айқындау туралы.
- Жиналыстың күн тәртібін бекіту туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамы туралы.
Жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 26 мамыр күні сағат 00:00-дегі жағдай бойынша (Астана уақытымен) қалыптастырылды.
Депозитарлық қолхат иелерінің нұсқауларын беруінің соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 маусым, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://ir-esg.kazatomprom.kz/kz/investment/meeting
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

