Құрметті клиенттер!
Осымен «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2026 жылғы 6 сәуірде сағат 18:00-де (Астана уақыты бойынша) сырттай нысанда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды (бұдан әрі – Жиналыс).
Күн тәртібі:
- «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ мен Үндістан Үкіметінің Атом энергетикасы департаментінің сатып алу және материалдық қорларды басқару бөлімшесі арасындағы табиғи уран концентратын сатып алу, сату жөніндегі ірі мәмілені жүзеге асыру, оның құны Қоғамның активтерінің жалпы баланстық құнының 50%-нан асады.
Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетендерді қабылдаудың аяқталу күні: 2026 жылғы 6 сәуір, сағат 18:00 (Астана уақыты бойынша).
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 6 наурыз, сағат 00:00 (Астана уақыты бойынша) жағдай бойынша қалыптастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен акционерлер Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша таныса алады: https://www.kazatomprom.kz/kz/media/view/notice___of___the_extraordinary_general_meeting_of_shareholders
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

