Құрметті клиенттер!
Осымен «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 30 сәуірде сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) келесі мекенжай бойынша өтеді: Астана қ., Сауран көш., 12, «Қазақтелеком» АҚ мәжіліс залы. Акционерлерді тіркеу сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.
Күн тәртібі:
- Қоғамның 2025 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
- Қоғамның 2025 жылғы таза пайдасын бөлу мәселелері туралы.
- Қоғам және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне қатысты акционерлердің өтініштері туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша жасалады.
Кворум болмаған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 29 мамырда сағат 14:00-де (Астана уақыты бойынша) жоғарыда көрсетілген мекенжайда өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 12:30-дан 13:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.
Корпоративтік оқиға туралы толығырақ ақпаратпен, сондай-ақ Жиналыс материалдарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://kase.kz/kz/information/news/show/1560602
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы: +7 (701) 006 41 81
- Астана: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
