Құрметті клиенттер!
Осымен 2025 жылғы 10 желтоқсанда сағат 15:00–де (Астана уақыты бойынша) күндізгі тәртіппен (бұдан әрі – Жиналыс) «Қазақтелеком» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлаймыз: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сауран көшесі, 12, «Қазақтелеком» АҚ мәжіліс залы. Акционерлерді тіркеу сағат 13:30-дан 14:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) жүргізіледі.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптастырылады.
Күн тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қоғамның Жарғысында белгіленген тәртіппен өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды Астана қ., Сауран к-сі, 12, телефон +77008888887, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғылы, 240 «Б», телефон +77017608073 мекенжайы бойынша жиналыс өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей танысу үшін алуға болады.
2025 жылғы 10 желтоқсанда кворум болмаған жағдайда, қайталама жиналыс 2025 жылғы 18 желтоқсанда сағат 15:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өтеді.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ