Құрметті клиенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу қағидаларындағы маңызды өзгерістер туралы хабардар етеміз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 4 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 14 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі-Қағида) қаулысына өзгерістер күшіне енді.
Атап айтқанда, Қағидалардың 16-2-тармағының 2) тармақшасымен бақылауға жататын валюталық операциялардың тізбесі кеңейтілді, атап айтқанда:
Егер бейрезидент бір операциялық күн ішінде бір уәкілетті банктен 50 000 АҚШ долларынан (баламада) асатын сомаға ұлттық валютамен (теңгемен) қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алған жағдайда және бұл ретте ұлттық валютадағы (теңгедегі) ақшаның шығу көзі мыналарға байланысты емес:
- ҚР резидентіне тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету;
- қаржы активтерін ұлттық валютаға сату (теңге);
- ҚР аумағындағы қызметтен дивидендтер алу;
- бұрын төленген салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді қайтару арқылы;
- өзге экономикалық негізделген көздермен
мұндай операция уәкілетті банк тарапынан валюталық бақылауға жатады.
Бұл біздің клиенттер үшін нені білдіреді:
Егер Сіз ҚР резиденті емес болсаңыз және Halyk Finance брокерлік шоты арқылы бір операциялық күн ішінде көрсетілген лимиттен асатын сомаға теңгеге валюта сатып алуды жоспарласаңыз, ұлттық валютаның (теңгенің)шығу көзін растайтын құжаттарды алдын ала дайындауды сұраймыз.
Түсіністік пен ынтымақтастық үшін рахмет!