Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

Құрметті клиенттер!

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2026 жылғы 23 сәуірде сырттай дауыс беру түрінде өтетіні туралы хабарлаймыз (бұдан әрі – Жиналыс).   

Күн тәртібі:

  1. Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.   
  2. 2025 жылға тәуелсіз аудиторлардың есебін ескере отырып, Банктің шоғырландырылған жылдық қаржы есептілігін бекіту туралы.  
  3. Банктің 2025 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. Банктің жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу жөнінде шешім қабылдау. Банктің бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту. 
  4. Банк Директорлар кеңесінің 2025 жылғы өз қызметі туралы есебін қарау туралы. 
  5. Банк Директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау туралы. 
  6. Банк Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы. 
  7. Банк Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. 
  8. Банк Жарғысына өзгерістерді бекіту туралы. 
  9. Банктің корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді бекіту туралы. 
  10. Банктің Директорлар кеңесі туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы. 
  11. Банктің акционерлерін Банк Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы жөнінде хабардар ету туралы. 
  12. Банк акционерлерінің Банк және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініш-шағымдары және оларды қарау қорытындылары жөнінде мәселені қарау туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 23 наурыздағы жағдай бойынша жасалады.

Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Банктің Басқармасы орналасқан мекенжайда, сондай-ақ Банктің корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтемелер бойынша таныса алады:

https://halykbank.kz/kz/about-bank/akcioneram (қазақ тілінде);
https://halykbank.kz/about-bank/akcioneram (орыс тілінде); 
https://halykbank.kz/en/about-bank/akcioneram (ағылшын тілінде).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус