Құрметті клиенттер!
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2025 жылғы 22 қыркүйекте сырттай дауыс беру түрінде өтетіні туралы хабарлаймыз.
Күн тәртібі:
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша жасалды.
Акционерлер күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Банктің Басқармасы орналасқан мекенжайда, сондай-ақ Банктің корпоративтік интернет-ресурсында келесі сілтемелер бойынша таныса алады:
https://halykbank.kz/kz/about-bank/akcioneram (қазақ тілінде);
https://halykbank.kz/about-bank/akcioneram (орыс тілінде);
https://halykbank.kz/en/about-bank/akcioneram (ағылшын тілінде).
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жай акциялары базалық актив болып табылатын Ғаламдық депозитарлық қолхаттардың иелері Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруді жоспарлаған жағдайда, Жиналыстың өткізілуі туралы арнайы ескертумен танысулары қажет. Бұл ескертумен хабарламада көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады:
https://halykbank.kz/storage/app/media/Akcioneram/2025/8/RUS_%D0%98%D0%BD%D1%84_%D1%81%D0%BE%D0%BE%D0%B1%D1%89_%D0%92%D0%9E%D0%A1%D0%90_2025_RUS_FINAL.pdf
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыз:
- Алматы қ.: +7 701 006 41 81
- Астана қ.: +7 701 006 41 80
- WhatsApp: +7 707 357 31 70
- Электрондық пошта: sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ