Құрметті клиенттер!
Halyk Finance Сізді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды және қаржы нарықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
2024 жылғы 29 тамызда халықаралық нарықтарға өтінімдер мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүргізу мүмкін болмауына байланысты қабылданбайды.
2024 жылғы 30 тамызда қазақстандық қаржы нарықтары жабылады, KASE және AIX-ке өтінімдер қабылданбайды. Халықаралық нарықтарға өтінімдер сауда сессиялары сағаттарында стандартты режимде беріледі.
2024 жылғы 02 қыркүйекте АҚШ-тың қаржы нарықтары еңбек күнін мерекелеуге байланысты жабылады, өтінімдер қабылданбайды. Бұдан басқа, KASE-де шетелдік эмитенттердің АҚШ долларымен есеп айырысулары бар бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізілмейді.
Өз операцияларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз.
- +7 701 006 41 81
- +7 701 006 41 80
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz.
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ