Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлаймыз

Құрметті клиенттер!

Осымен 2026 жылғы 21 сәуірде сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша) Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша көзбе-көз тәртібінде өтетін «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі – Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс қатысушыларын тіркеудің басталу уақыты - 09:30.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның 2025 жылғы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау, Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы 2025 жылдың екінші жартыжылдығы үшін дивидендтер мөлшерін бекіту.
  2. Қоғамның Дивидендтік саясат туралы ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  3. Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне жасаған өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы.
  4. Қоғамның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту. 
  5. Қоғам Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  6. 2026 жылға арналған Қоғамның қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау.
  7. Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережесін жаңа редакцияда бекіту.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 27 наурыздағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 10 сәуірден бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 0916 – кабинет, мекенжайы бойынша сондай-ақ https://www.kegoc.kz/ корпоративтік веб-сайтында танысуға болады.
Бірінші Жиналыс өтпеген жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 22 сәуірде сағат 11:30-да (Астана уақыты бойынша) жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус