Құрметті клиенттер!
2024 жылғы 15 қарашада Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 ғимарат, 3 қабат мекенжайы бойынша «Казатомпром» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі – Жиналыс) күндізгі тәртіппен өткізетіні туралы хабардар етеді.
Күн тәртібі шеңберінде Жиналыспен, нәтижесінде «Казатомпром» ҰАК» АҚ мәміле туралы шешім қабылданған күні құны «Казатомпром» ҰАК» АҚ активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан астамын құрайтын мүлікті сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін), ірі мәміле жасасу мәселесі қаралатын болады, атап айтқанда: «Казатомпром» ҰАК» АҚ мен «Сатып алушы» ретінде SNNC Overseas Limited компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың споттық шарты және «Казатомпром» ҰАК» АҚ мен «Сатып алушы» ретінде China National Uranium Corporation Limited компаниясы арасындағы табиғи уран концентраттарын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2024 жылғы 16 қазандағы жағдай бойынша жасалды.
Компания акционерлері жиналыстың күн тәртібі мәселелері бойынша материалдармен "Казатомпром"ҰАК" АҚ ресми интернет-ресурсында сілтеме бойынша таныса алады: https://ir-esg.kazatomprom.kz/ru/investment/meeting.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 3170
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ