Құрметті клиенттер!
Осымен «Kaspi.kz» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Қоғам) 2026 жылғы 15 сәуірде сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) Алматы қ., Наурызбай Батыр көшесі, 154 А мекенжайында өткізілетіні туралы хабараймыз (бұдан әрі – Жиналыс).
Егер кворум болмаса, қайталама Жиналыс 2026 жылғы 16 сәуірде сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) сол мекенжайда өткізіледі.
Күн тәртібі:
- Жиналыстың күн тәртібін бекіту.
- Қоғамның 2025 жылға арналған аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
- Қоғамның 2025 жылға арналған таза пайдасын бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту.
- Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты өтініштері туралы және оларды 2025 жылы қарау нәтижелері туралы ақпарат.
- Сыртқы аудитор ретінде Deloitte LLP тағайындау .
- Директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттерін орындау барысында шеккен шығыстарын өтеу және оларға төленетін сыйақының мөлшері мен шарттарын бекіту.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша жасалды.
Жай акциялар иелеріне дивидендтер төлеу үшін акционерлер тізілімін тіркеудің күтілетін күні - 2026 жылғы 14 сәуір.
Депозитарлық акциялар (ADS) иелері үшін тізілімді тіркеудің күтілетін күні - 2026 жылғы 16 сәуір.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді:
https://ir.kaspi.kz/news/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

