Құрметті клиенттер!
Осымен «Kaspi.kz» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2026 жылғы 11 маусымда сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) Алматы қ., Наурызбай Батыр көшесі, 154 А мекенжайында өткізілетіні туралы хабараймыз (бұдан әрі – Жиналыс).
Күн тәртібі:
- Жиналыстың күн тәртібін бекіту.
- Қоғам акциялары бойынша дивидендтер төлеу және бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін 850 теңге көлемінде бекіту.
- Санақ комиссиясының сандық құрамын және оның мүшелерінің өкілеттік мерзімін анықтау.
Кворум болмаған жағдайда, қайталама Жиналыс 2026 жылғы 12 маусымда сағат 10:00-де (Астана уақыты бойынша) жоғарыдағы мекенжайда өтеді.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша жасалды.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://ir.kaspi.kz/news/
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:
- Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
- Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
- WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
- sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ

