Құрметті клиенттер, "Halyk Finance" АҚ 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап "Интернет-трейдинг" жүйесі арқылы қызмет көрсету Қағидаларын қолданысқа енгізу туралы хабарлайды. Көрсетілген күннен бастап "Halyk Finance" АҚ-да бұрын қолданыста болған "Интернет-трейдинг"жүйесінің жұмыс істеу регламентінің күші жойылады.
Бұдан басқа, 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап клиентке Интернет-Трейдинг жүйесі арқылы электрондық қызметтер көрсету туралы қосылу шартының үлгілік нысаны күшіне енеді.
Шарттың Қағидалары мен үлгілік нысанымен Сіз Halyk Finance сайтында "Брокерлік қызмет көрсету" бөлімінде таныса аласыз.
Жеке кабинет
+7 727 339 43 77
Интернет-трейдинг жүйесі арқылы қызмет көрсету қағидаларын және Интернет-Трейдинг жүйесі арқылы клиентке электрондық қызметтер көрсету туралы шарттың жаңа үлгілік нысанын қолданысқа енгізу туралы
2 ақпан 2026

