Құрметті клиенттер,
Сіздерді 2025 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Halyk-Перспективалы инвестициялар» ИПИҚ (бұдан әрі – Қор) қағидаларын жаңа редакцияда келіскендігі туралы хабардар етеміз.
Өзгерістер, оның ішінде инвестор үшін Қорға инвестициялаудың қолжетімділігін арттыру үшін пайларды сатып алудың ең төмен бастапқы сомасын (5000 АҚШ долларынан 1000 АҚШ долларына дейін) төмендетуді, пайларды төлеу үшін валютаны (теңге немесе АҚШ доллары) таңдауды, ЭЦҚ немесе SMS растаумен интернет-трейдинг жүйесі арқылы пайларды сатып алуға өтінім беру мүмкіндігін, сондай-ақ Қордың пайлары бойынша дивидендтер төлеу мүмкіндігін көздейді.
Жаңа редакциядағы қағидалар 2025 жылғы 24 қарашада күшіне енеді.
Ережелердің жаңа редакциясымен мына жерден танысуға болады.
