Осы арқылы «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Halyk-Ликвидный» интервалды пай инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) пай ұстаушыларының назарына пайларды сатып алуға арналған өтінімдерді орындау нәтижесінде Қордың таза активтері құнының пайлық инвестициялық қор активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмеуі және ол туындаған күннен бастап екі ай ішінде (30.01.2026 ж. бастап 30.03.2026 ж. дейінгі кезең) аталған сәйкессіздікті жоймауы себебінен оның жұмыс істеуін тоқтату үшін негіздің басталуы туралы жеткізеді.
Қор Қағидаларының 20-бөліміне және ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Қоғам тоқтату рәсімін жүргізудің мынадай шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды:
- Мүдделі тұлғаларды хабардар ету: Қоғаммен уәкілетті органға, кастодиан-банкке тиісті хабарламалар, сондай-ақ «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на Қордың пайларын ұстаушылар тізіліміндегі дербес шоттар бойынша операцияларды тоқтату туралы талап жіберілді.
- Кредиторлардың талаптарын қою мерзімі: Қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы олар хабардар етілген күннен бастап 1 (бір) айды құрайды (Қағидалардың 20-бөлімінің 8-тармағына сәйкес).
- Есеп айырысу тәртібі: Қор активтерін сатудан алынған ақша қаражаты қор Қағидаларының 20-бөлімінің 14-тармағында белгіленген кезектілік тәртібімен кредиторлар мен пай ұстаушылар арасында бөлінетін болады.
- Активтерге иелік етуді шектеу: 31.03.2026 ж. бастап Қор активтеріне иелік етуге кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру, тарату шығыстарын төлеу және пай ұстаушыларға ақшаны қайтару мақсатында ғана жол беріледі.
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

