Осы арқылы "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance" еншілес ұйымы" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Halyk-Ликвидный» интервалды пай инвестициялық қорының (бұдан әрі – Қор) активтерімен орындалмаған мәмілелерде кредиторлар мен тараптардың назарына Қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы жеткізеді.
Қор Қағидаларының 20-бөлімінің 8-тармағына және ҚР «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, Қоғам тоқтату рәсімін жүргізудің мынадай шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды:
- Кредиторлардың талаптарын қою мерзімі: Қордың жұмыс істеуін тоқтату туралы олар хабардар етілген күннен бастап 1 (бір) айды құрайды.
- Есеп айырысу тәртібі: Қор активтерін сатудан алынған ақша қаражаты Қор Қағидаларының 20-бөлімінің 14-тармағында белгіленген кезектілік тәртібімен кредиторлар мен пай ұстаушылар арасында бөлінетін болады.
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

