Құрметті клиенттер!
Осымен "Қазақстан Халық Банкінің "Halyk Finance” еншілес ұйымы" АҚ (бұдан әрі – Halyk Finance) "Halyk-Global" ИАПҚ (бұдан әрі – Қор) қағидаларының 10-тармағын орындау үшін Сізге Halyk Finance Басқармасы 2025 жылғы 25 ақпанда Қордың пайлары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды (2025 жылғы 25 ақпандағы 22/25 хаттамасы).
Қор қағидаларының 10-бөлімінің 1-тармақшасына сәйкес пайлар бойынша дивидендтер төлеу дивидендтер төлеу туралы мәселе қаралған күннің алдындағы күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша инвестициялық қызмет нәтижелеріне байланысты Басқарушы компания Басқармасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2024 жылғы "Halyk-Global" ИАПҚ табыстылығы жылдық 4,26% құрағанын ескере өтейік.
Бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз. Құрмет пен қамқорлық белгісі ретінде Сіздің инвестициялық пайдаңызды арттыру және компаниямызға деген сенімділікті арттыру үшін барлық мүмкін қадамдарды жасауға уәде береміз.
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ