Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Halyk Finance мобильді қосымшасында шариғат талаптарына сәйкестігі тексерілген қаржы құралдары қолжетімді болды

Halyk Finance мобильді қосымшасының функционалын кеңейтіп, шариғат қағидаттарына сәйкес келетін қаржы құралдарына инвестиция жасауға арналған арнайы бөлімді іске қосты.

Енді шариғат талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар мобильді қосымшада жеке бөлімге топтастырылып, арнайы белгімен таңбаланған. Бұл инвесторларға қажетті қаржы құралдарын оңай тауып, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес инвестициялық портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шариғаттық скрининг халықаралық AAOIFI стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Скрининг қызметін Halyk Finance-тің серіктесі – Ailat финтех-компаниясы ұсынады. 

«Біз клиенттерімізге исламдық инвестицияларға арналған заманауи цифрлық шешімді ұсынғанымызға қуаныштымыз, – деді Halyk Finance сату жөніндегі басқарушы директоры Жанна Нұралина. – Эмитенттер мен қаржы құралдарының шариғат қағидаттарына сәйкестігі халықаралық AAOIFI стандарттары бойынша көпдеңгейлі тексеруден өтетіндіктен, біз инвестициялаудың осы форматына қызығушылық танытатын клиенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз».

Ailat – шариғаттық скрининг технологиясын әзірлеген лицензияланған финтех-компания. Компанияның қызметі бағалы қағаздардың Ислам қаржы институттарына арналған бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ұйымның (AAOIFI, ағылш. Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions) халықаралық стандарттарына сәйкестігін кешенді бағалауды қамтиды. Бағалау барысында эмитенттердің қызметі мен қаржылық көрсеткіштері жан-жақты талданады.

Нәтижесінде Halyk Finance клиенттеріне бүгінде исламдық қаржыландыру қағидаттарына толық сәйкес келетін және шариғаттық тексеруден өткен 1 000-нан астам қаржы құралы қолжетімді.

Бүгінде исламдық қаржыландыру әлемдік қаржы нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. London Stock Exchange Group болжамына сәйкес, 2027 жылға қарай жаһандық исламдық қаржы нарығының көлемі 6,7 триллион АҚШ долларына жетеді.

Исламдық қаржы құралдарына инвестициялауды бастау үшін Halyk Finance мобильді қосымшасындағы «Нарық» бөліміне кіріп, тиісті санатты таңдау жеткілікті.

***

«Halyk Finance» АҚ – қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасын, KASE және AIX сауда алаңдарында маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты аналитикалық қызметтерді қамтитын инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін ұсынатын Қазақстанның жетекші инвестициялық компаниясы. Компания Қазақстандағы халықаралық инвестициялық деңгейдегі кредиттік рейтингті («Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігінің «BBB-» рейтингі) алған алғашқы әрі жалғыз брокер-дилер болып табылады.

Тәуекелдер туралы ескерту: Осы ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды. Қаржы құралдарына инвестициялау белгілі бір тәуекелдермен байланысты. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Еншілес ұйымы «Halyk Finance» акционерлік қоғамы. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған №3.2.229/7 лицензия Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2016 жылғы 4 қарашада қайта рәсімделген. Алматы қ., Абай даңғылы, 109 «В», 5-қабат, +7 701 006 41 81. Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/16, С 3.1 блогы, 3-қабат, 335-кеңсе, +7 701 006 41 80.

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус