2026 жылдың 23 маусымынан бастап, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес білікті инвесторлар ретінде танылған Halyk Finance клиенттері Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің арнайы реттеу режимі аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) саудаға жіберілген цифрлық активтерге тәуекелді қамтамасыз ететін биржалық сауда қорларына (ETF) қол жеткізе алды.
Атап айтқанда, iShares Bitcoin Trust ETF (IBIT_KZ), iShares Ethereum Trust ETF (ETHA_KZ) және Volatility Shares Solana ETF (SOLZ_KZ) биржалық қорлары клиенттерге қол жетімді. IBIT_KZ және ETHA_KZ инвесторларға цифрлық активтерді өздері сатып алмай және ұстамай-ақ таныс биржа құралы арқылы Bitcoin және Ethereum нарықтық әсерін алуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, SOLZ_KZ биржалық қоры Solana (SOL) фьючерстік келісім-шарттартына инвестиция салады.
Білікті инвесторлар мұндай құралдармен Halyk Finance мобильді қосымшасы және Сауда платформасы арқылы заңнаманың қолданыстағы талаптары мен сауда алаңының ережелерінде көзделген тәртіппен және көлемде операциялар жасай алады.
Инвестор үшін нені білу маңызды
Цифрлық активтерге арналған ETF тәуекел деңгейі жоғары құралдарға жатады. ETF ұйымдастырылған нарықта айналыста болғанына және баға қалыптастырудың ашық тетігіне ие болғанына қарамастан, олардың құны базалық активтің, оның ішінде жоғары құбылмалылыққа тән криптовалюта нарығының динамикасына тікелей байланысты. ETF құны өсуі немесе төмендеуі мүмкін, ал инвестор инвестициясының бір бөлігін немесе барлығын жоғалтуы мүмкін.
Инвесторлар келесі тәуекелдерді де ескеруі керек:
- баға ауытқуларының жоғары деңгейі;
- инвестициялар құнын елеулі шығындарға дейін төмендету тәуекелі;
- цифрлық активтерді реттеу тәсілдерінің өзгеруіне байланысты реттеуші тәуекелдер;
- жеке құралдардың өтімділік тәуекелі;
- шетелдік активтерге инвестициялау кезіндегі валюталық тәуекелдер;
- цифрлық активтер нарықтарының жұмыс істеуіне байланысты операциялық, технологиялық және инфрақұрылымдық тәуекелдер.
Өткен нәтижелер болашақ табыстарға кепілдік бермейтінін және инвестициялық шешімдер инвестициялық мақсаттарды, тәуекелдің рұқсат етілген деңгейін және инвестордың қаржылық жағдайын ескере отырып қабылдануы керек екенін есте ұстаған жөн.
Мәмілелер жасамас бұрын белгілі бір құралдың параметрлерімен мұқият танысып қажет болған жағдайда Halyk Finance мамандарының кеңесін алу ұсынылады.
Бұл материал тек ақпараттық сипатта болады және жеке инвестициялық ұсыныс болып табылмайды.

