Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Halyk Finance ЕСКЕРТЕДІ: назар аударыңыз, алаяқтар!

Құрметті клиенттер!

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер және youtube-арналарында жарнамалық акция түрінде алаяқтық әрекеттер жасалуда, сондай-ақ инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламасына арналған деген бірқатар интернет-сайттар жұмыс істеуде. Алынған дербес мәліметтерді пайдалана отырып, алаяқтар клиенттермен байланысқа шығып, бағалы қағаздарды сатып алу үшін ақша аударуға ұсыныс жасайды.

Назар аударыңыздар:

  • Halyk Finance арқылы компаниямен іскерлік қатынасы жоқ ықтимал клиенттерге қоңырау шалады. Halyk Finance клиенттерін тек ресми сайт, әлеуметтік желілердегі корпоративтік беттер арқылы ғана хабарландырады, сондай-ақ келісім болған жағдайда SMS-таратуларды және Halyk Finance тіркелген мекенжайлары бар электрондық пошта арқылы таратуларды іске асырады. 
  • Halyk Finance клиенттерге үшінші тұлғалардың шоттарына қаражат аудару немесе төлем карталарына қаражат аудару/толықтыру туралы ұсыныс жасамайды. Бағалы қағаздар нарығында сауда жасау үшін клиент өзінің брокерлік шотын ашуға (брокерге шот ашу туралы  бұйрық беріп) және оны өзі жеке толықтыруға тиіс. Брокерлік шоттарды толықтыру Halyk Homebank, банк бөлімшелері, Halyk Trade Pro платформасы және Halyk Invest қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
  • Әдетте, алаяқтар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде әрекет етеді және мемлекеттік тілді білмейді. Halyk Finance мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде хат алмасады, клиенттік және техникалық қолдау көрсетеді. 

Алаяқтардан сақ болуды және Интернетте қажетті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз!

Сондай-ақ, оқыту порталында алаяқтардың негізгі белгілері мен схемалары туралы ақпаратпен танысуға кеңес береміз Fingramota.kz

Егер сіз алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, Сізге уәкілетті органға - ҚР ІІМ-ге жүгіну қажет!
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус