"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – "Halyk Finance") беделді халықаралық "Global Finance" (www.gfmag.com) журналының жыл сайынғы мұқият іріктеуден кейін "Әлемнің үздік инвестициялық банкі – 2020" сыйлығының екі мәртебелі номинациясының жеңімпазы болды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance "Шекаралық нарықтағы үздік инвестициялық банк" және "Орталық және Шығыс Еуропадағы акциялар нарығындағы үздік инвестициялық банк" деп танылды.
Тәуелсіз сарапшылар әлемнің түкпір-түкпірінен келген үміткерлерді нарық үлесі, көрсетілетін қызмет сапасы, мәмілелер саны мен көлемі, сату арналарының дамуы, инновациялар, баға тиімділігі мен беделі сияқты критерийлері (ағалау белгілері) бойынша бағалады.
"Біз үшін біз таңдаған даму стратегиясының дұрыстығын растайтын тәуелсіз халықаралық сарапшылардың бағалауы өте маңызды. Халықаралық деңгейде мойындау ("Шекаралық нарықтардағы үздік инвестициялық банк") Halyk Finance инвестициялық-банктік қызметтердің бәсекелестік нарығындағы көшбасшылығының нығаюын айғақтайды және Қазақстанның барлық индустриясы үшін айрықша жетістік болып табылады", - деп атап өтті Halyk Finance басқармасының төрағасы Талғат Аюпов.
Halyk Finance Global Finance журналы әлемдік қаржы журналының сыйлығынбірінші рет иеленіпотырған жоқ. Өткен жылы Halyk Finance "Қазақстанның үздік инвестициялық банкі" және "Орталық және Шығыс Еуропадағы акциялар нарығындағы үздік инвестициялық банк" деп аталды.
Бұдан басқа, Halyk Finance жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктен кредиттік рейтинг берілген Қазақстандағы алғашқы инвестициялық банк болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі 2019 жылғы желтоқсанында Halyk Finance рейтингін "BB" - ден "BB+" деңгейіне дейін көтеріп позитивті болжам жасады, бұл көрсетілген қызметтердің мінсіз сапасын көтерді.
***
"Halyk Finance" АҚ - қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасын, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдау қызметтерін қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін, Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі. Компания Халықаралық кредиттік рейтингке ие болған ("Fitch Ratings" халықаралық рейтинг агенттігінен "BB+" ) Қазақстандағы 1-3нш3 брокер-дилер болып табылады.
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы және клиенттердің кең базасы мен тарату желісі бар жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің бөлшек клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің толық спектрін (сақтандыру, лизинг бойынша банктік қызметтер, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұсынады. Банк сондай-ақ өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады. Банк рейтингтері: Moody 's - "Ba1", Fitch Ratings" BB+ "және Standard & Poor' s – "BB".
Global Finance – әлемнің 189 елінде таралымы 50 мың данадан асатын және оқырмандары бар халықаралық қаржы басылымы.
Баспасөз қызметі
"Қазақстан Халық банкі "АҚ
Байланыс. +7 727 259 08 91
www.halykbank.kz
Хван Олег
Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің директоры
«Halyk Finance» АҚ
Тел.: +7 727 357 31 77
www.halykfinance.kz