2022 жылдың қорытындысы бойынша «Halyk Finance» АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) және AIX биржасының марапаттарын алды. KASE Halyk Finance-ті «Акциялар нарығының көшбасшысы» және «Акциялар нарығындағы жылдың андеррайтері» номинацияларында жеңімпаз деп таныды, ал AIX биржасы сыйлықты борыштық құралдар нарығындағы үздік брокер («Best Broker in Debt Instruments») ретінде табыс етті.
Сонымен қатар, Halyk Finance тағы да белгілі «Global Finance» халықаралық журналынан (www.gfmag.com) «Қазақстанның 2023 үздік инвестициялық банкі» («Best Investment Bank in Kazakhstan 2023») атағын алды. Жеңімпаздарды анықтау үшін «Global Finance» журналының редакциялық алқасы инвестициялық-банк секторындағы жетекші сарапшылармен бірлесіп, үміткерлерді нарық үлесі, көрсетілетін қызметтердің сапасы, мәмілелердің саны мен көлемі, сату арналарының дамуы, инновациялар, баға белгілеудің тиімділігі және беделі сияқты өлшемдер бойынша бағалады.
«Қаржы нарығы үшін ең қиын кезеңдердің бірінде Halyk Finance табысты инвестициялық банк мәртебесін тағы бір рет растады. Өткен жылдың маңызды мәмілелерінің ішінде «Қазмұнайгаз «ҰК» АҚ акцияларының алғашқы жария орналастырылуын атап өткім келеді – өтінімдер саны мен көлемі бойынша ең ауқымды жергілікті IPO және Қазақстандағы алғашқы цифрлық IPO.
Сонымен қатар, бұл IPO Halyk Bank үшін әсерлі дебют болды, ол IPO-дан бірнеше ай бұрын Halyk Homebank мобильді қосымшасында брокерлік функционалдылықты іске қосты және бөлшек инвесторлардан жиналған клиенттік өтінімдер саны бойынша бірден көшбасшы болды (бөлшек сауда өтінімдерінің шамамен 70%). 2022 жылдың соңында Halyk тобындағы брокерлік шоттардың жалпы саны 400 000 белгісіне жақындап, бір жыл ішінде 6 есеге өсті. Біз ұжымдық инвестициялар нарығында да көшбасшылықты сақтап қалдық-Halyk Finance басқаруымен 5 пай қорлары, олар таза активтердің жиынтық құны бойынша осы сегменттің жартысынан астамын құрайды. Біздің бас банк өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтетін жылы оның еншілес компаниясы ретінде жергілікті және халықаралық сарапшылардан алған тануымыз біз үшін өте құнды",-деп түсіндірді Halyk Finance Басқарма Төрағасы Фархад Охонов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Halyk Finance 2011, 2012, 2014, 2015, 2019, 2020, 2021 және 2022 жж Global Finance рейтингі бойынша «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» атағын алған болатын.
***
«Halyk Finance» АҚ – Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі болып табылатын және қаржылық консалтинг пен андеррайтингті (корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарын шығаруды және бастапқы орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтерін (компаниялардың акциялары мен қатысу үлестерін сатып алу/сату және корпоративтік борыштық қайта құрылымдауды қоса алғанда), брокерлік қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Halyk Bank еншілес ұйымы және Бағалы қағаздармен сауда жасау, маркет-мейкер қызметтері, инвестициялық портфельді басқару және тұрақты аналитикалық қызметтер.
Halyk Bank клиенттердің ең үлкен базасы және тарату желісі бар Қазақстандағы жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің жеке клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең спектрін (сақтандыру, лизинг, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамиды. Банк өз операцияларын Қазақстанда, Грузияда, Өзбекстанда және Қырғызстанда да жүзеге асырады.
Global Finance – таралымы 50 мың данадан асатын және әлемнің 189 елінде оқырмандары бар Халықаралық қаржылық басылым.
Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаменті
АО «Halyk Finance»
тел.: + 7 (727) 339 43 77
www.halykfinance.kz
PR қызметі
«Народный Банк Казахстана» АҚ
тел.: +7 (727) 259 08 16
www.halykbank.kz