Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Halyk Finance» АҚ Cbonds ақпараттық агенттігінің бірқатар марапаттарына ие болды

Жыл сайынғы Cbonds Awards сыйлығы аясында, «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» еншілес ұйымы» АҚ 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі», «Қазақстанның үздік басқарушы компаниясы», «Қазақстанның облигациялар нарығы бойынша үздік аналитика», сондай-ақ «Қазақстандағы инвестицияларға арналған Үздік мобильді қосымша» номинациялары бойынша төрт марапатқа ие болды.

«Halyk Finance» АҚ сыйлық әрекет еткен уақыт ішінде алтыншы жыл қатарынан және сегізінші рет Қазақстанның үздік инвестбанкі болып танылып келеді.Сонымен қатар, ТМД нарығының қатысушылары «Halyk Finance» АҚ ұйымдастырған «Даму» Қорының әлеуметтік облигацияларын орналастыруды алғашқы орналастырудың ең жақсы мәмілесі деп танығанын атап өткім келеді. Салыстырмалы түрдегі шағын орналастыру көлеміне қарамастан, бұл шығарылым қазақстандық эмитенттер үшін әлеуметтік борыштық құралдардың дебюттік шығарылымы болды. Қазақстандық нарықта ESG қағидаттарын ілгерілетудегі біздің еңбегімізді мойындау, біз үшін сөзсіз құнды», - деп «Halyk Finance» АҚ Басқарма төрағасы Фархад Охонов түсініктеме берді. 

Осы жылдың басында «Halyk Finance» АҚ Global Finance халықаралық басылымымен еліміздің ең үздік инвестициялық банкі ретінде марапатталды, сондай-ақ KASE және AIX қор биржаларының бірқатар марапаттарына ие болды.

***

«Halyk Finance» АҚ - қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасын, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдау қызметтерін қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін, Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі. Компания Халықаралық кредиттік рейтингке ие болған («Fitch Ratings" халықаралық рейтинг агенттігінен «BB+» ) Қазақстандағы бірінші және жалғыз брокер-дилер болып табылады.

Halyk Bank Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы және клиенттердің кең базасы мен тарату желісі бар жетекші бөлшек банк болып табылады. Банк өзінің жеке клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің толықспектрін (сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару қызметтері) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді. Банк сондай-ақ өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырады.
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус