Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

Halyk Finance 2021 жылдың қорытындысы бойынша беделді «EMEA Finance» халықаралық журналының нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең үздік инвестициялық банк болып танылды

Танымал беделді халықаралық «EMEA Finance» журналы (www.emeafinance.com) жетекші халықаралық банктерді жыл сайынғы мұқият іріктеу нәтижелері бойынша – «Europe Banking Awards 2021» – «Halyk Finance»  «Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы» АҚ (бұдан әрі – «Halyk Finance»)  «Қазақстандағы 2021 жылғы үздік инвестициялық банк» («Best Investment Bank in Kazakhstan 2021») және «2021 жылғы Қазақстандағы үздік брокер» («Best Broker in Kazakhstan 2021») атағын берді. 

Әлемнің жетекші сарапшылары қатысқан дауыс беру нәтижелері бойынша Halyk Finance 12 жыл қатарынан «Қазақстандағы үздік инвестициялық банк» құрметті номинациясында жеңімпаз болып танылды, бұл Halyk Finance компаниясының инвестициялық-банктік қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығындағы көпжылдық көшбасшылық ұстанымын дәлелдейді. Бұл жетістік қазақстандық инвестициялық банктер арасында бірегей және рекордтық болып табылады. 

Өткен жыл Halyk Finance командасы үшін айтулы жыл болды. Біз үшін Halyk Finance-ты Қазақстанның үздік инвестбанкі деп тану сөзсіз маңызды - осы санаттағы жеңіс қатарынан 12 жыл бойы біздің команда үшін сапа белгісі болып табылады. Бұл ретте инвестициялық банкингтегі дәстүрлі көшбасшылықты сақтай отырып, 2021 жылы біз шоттар ашу және қор нарықтарындағы сауда бойынша клиент жолын толық цифрлау арқылы брокерлік қызметте серпіліс жасадық. Нәтижесінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance-тың бөлшек инвестор-клиенттерінің 5 есе өскенін және 2020 жылмен салыстырғанда қашықтан сату арналары арқылы біздің клиенттеріміздің сауда белсенділігінің 19 еседен аса артқанын атап өтеміз. Сондықтан, брокеридждегі Halyk Finance нәтижелерін сараптамалық бағалау біз үшін капитал нарықтарындағы көшбасшылық ұстанымдарымызды тану сияқты маңызды», – деп түсініктеме берді Halyk Finance Басқармасының Төрағасы Фархад Охонов. 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Halyk Finance Global Finance беделді басылымының нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік инвестициялық банк болып танылды, сондай-ақ 2021 жылдың қорытындысы бойынша жыл сайынғы Cbonds Awards сыйлығының 4 номинациясында жеңімпаз атанды: «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі», «Қазақстанның үздік басқарушы компаниясы», «Қазақстанның облигациялар нарығы бойынша үздік аналитика», сондай-ақ, «Қазақстандағы инвестицияларға арналған Үздік мобильді қосымша». Halyk Finance жергілікті нарықта «Инвесторларды тартуға елеулі үлес қосқаны үшін» және «Биржаның технологиялық жобаларын қолдағаны үшін» марапаттарын алып, KASE Қазақстан қор биржасының екі номинациясында дипломант болды, сондай-ақ AIX биржасының «Бөлшек сегментті дамытқаны үшін» (For the Development of Retail Segment) марапатын алды.
***
«Halyk Finance»  АҚ – қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасын, KASE және AIX сауда алаңдарында маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдамалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететін Қазақстанның жетекші инвестициялық банкі. Компания инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингті («Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігінен «BBB –») алған Қазақстандағы бірінші және жалғыз брокер-дилер болып табылады. 

Halyk Bank –  ең ірі клиенттер базасы мен тарату желісі бар Қазақстандағы жетекші қаржы тобы және жетекші жеке банк. Банк өзінің жеке клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттерге қызметтердің кең спектрін (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару қызметтері) ұсына отырып, әмбебап қаржы тобы ретінде дамып келеді. Банк сондай-ақ Ресей, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстанда өз операцияларын жүзеге асырады. 

EMEA Finance-Еуропа, Таяу және Орта Шығыс пен Африка елдеріндегі Корпоративтік қаржы саласындағы аса маңызды оқиғалар мен жаңалықтарды көрсететін халықаралық журнал. 

Қаржылық кеңес беру 
және андеррайтинг департаменті 
«Halyk Finance» АҚ 
тел.: + 7 (727) 339 43 73 (іш.3373)
www.halykfinance.kz     

PR қызметі
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 
тел.: +7 (727) 259 08 91
www.halykbank.kz

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус