Құрметті клиенттер!
"Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі – Қоғам) бағалы қағаздар нарығында біздің компанияны сіздің Брокерініз ретінде таңдағаныңыз үшін алғысын білдіреді!
Осымен, Сізді брокерлік қызмет бойынша Қоғамның негізгі кастодиан-банкінің ауысуы туралы хабардар етеміз.
Бизнес-процестерді оңтайландыру және клиенттердің активтерін есепке алу ыңғайлылығы мақсатында, Қоғам Басқармасының шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ негізгі кастодиан-банк болып белгіленді.
Клиенттердің активтері "Ресей Жинақ Банкі" АҚ ЕБ кастодиан-банкінің ағымдағы клиенттік шотынан "Банк ЦентрКредит" АҚ клиенттік шотына 2020 жылғы тамыздың 21 бастап 28 қоса есептегенге дейін аударылады. Клиенттер үшін клиенттердің активтерін аудару бойынша қосымша шығындар туындамайды.
Брокерлік шотты толтыру үшін ағымдағы деректемелермен мына сілтемеден таныса аласыз: https://halykfinance.kz/rekvizity-dlya-deponirovaniya-deneg-/.
Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмерлері бойынша хабарласуларыңызды өтінеміз:
- +7 700 331 59 19 - Алия Абдумажитова
- +7 700 331 59 16 – Лаура Тохтарова
- +7 700 331 59 17 – Жанна Нуралина
- +7 7172 64 34 33 – Динара Асамбаева
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Ізгі ниетпен,
"Halyk Finance" АҚ