2023 жылғы 3 сәуірде Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі "Halyk Finance" АҚ (бұдан әрі - Halyk Finance) эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін "BBB-"деңгейінде растады. Сонымен қатар, агенттік эмитенттің шетел және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді дефолт рейтингтерін "F3" деңгейінде, сондай-ақ қолдау рейтингін "bbb-" деңгейінде растады. Рейтингтік бағаларды растау Halyk Finance жалғыз акционері – Halyk Bank қатысты осындай рейтингтік әрекетті көрсетеді. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
Көрсетілген Halyk Finance ұзақ мерзімді рейтингтері инвестициялық санатқа (investment-grade) жатады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Halyk Finance жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің инвестициялық санаттағы рейтингі бар Қазақстанның жалғыз инвестициялық банкі болып табылады. Компанияның рейтингтік бағалары елдің барлық инвестициялық банктері арасында ең жоғары болып табылады.