Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Эйр Астана» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы туралы

Құрметті клиенттер!

Осымен «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – Жиналыс) 2026 жылғы 28 мамырда сағат 14:00-де (Алматы уақыты бойынша) Алматы қ., Медеу ауданы, Құлжа тас жолы, 4В, «Ю» блогы мекенжайы бойынша бетпе-бет тәртібінде өткізілетінін хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: сағат 12:00 (Алматы уақыты бойынша).  

Күн тәртібі:

  • Қоғамның 2025 жылға арналған аудиттелген шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
  • Қоғамның 2025 жылға арналған шоғырландырылған таза табысын бөлу тәртібін бекіту, Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы.
  • 2025 жылғы Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне акционерлердің өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпаратты қарау.
  • 2025 жылғы Қоғамның Директорлар кеңесі мен атқарушы органы мүшелерінің сыйақы мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау.
  • Қоғамның есеп комиссиясын 2026 жылғы 1 маусымнан бастап 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңге сайлау туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 30 сәуірдегі сағат 00:00-дегі (Алматы уақыты бойынша) жағдай бойынша жасалады.

Жиналыс көрсетілген күні өтпей қалған жағдайда, қайталанған Жиналыс 2026 жылғы 29 мамырда сағат 14:00-ге (Алматы уақыты бойынша) тағайындалады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлер үшін келесі сілтеме бойынша интернет-ресурста қолжетімді: https://kase.kz/kz/information/news/show/1564826 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз:

  • Алматы қ.: +7 (701) 006 41 81
  • Астана қ.: +7 (701) 006 41 80
  • WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус