Құрметті клиенттер!
Осымен Қазақстан Республикасы, 050039, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Закарпатская к-сі 4А мекенжайы бойынша 2025 жылғы 29 мамырда сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша), бетпе-бет тәртіпте өтетін, «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі-Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі - Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты: 09:00 (Алматы уақыты бойынша).
Күн тәртібі:
- 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті (шоғырландырылған және жеке) бекіту туралы;
- Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының 11.05.2009 жылғы шешімімен бекітілген Дивидендтік саясат туралы ереженің күшін жою туралы ақпаратты қарау (№ 56 хаттама), Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының 29.05.2015 жылғы шешімдерімен бекітілген өзгерістер мен толықтырулармен (№ 56 хаттама) 29.05.2015 ж. №160 және №1015 хаттама. (№154 хаттама);
- 2024 жылғы таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2024 жылғы бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту туралы;
- Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының 2024 жылғы әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы ақпаратты қарау;
- 2024 жылы Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органның сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпаратты қарау;
- 2025 жылғы 31 желтоқсанда, 2026 жылғы 31 желтоқсанда және 2027 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жылдар үшін қаржылық есептіліктің аудитін (шолуын) жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы;
- Қоғамның есеп комиссиясын 2025 жылғы 01 маусым – 2026 жылғы 01 маусым кезеңіне сайлау туралы.
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 30 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптастырылады.
Қоғамның акционерлері акционердің мәртебесін растайтын сұрау салу мен құжаттарды электрондық мекенжай бойынша жіберу арқылы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныса алады: gsm.materials@airastana.com, немесе Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050039, Түрксіб ауданы, Закарпатская к-сі, 4А.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмері бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ