Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Эйр Астана» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы

Құрметті клиенттер!

Сіздерге «Эйр Астана» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлаймыз. Жиналыс 2026 жылғы 9 ақпанда сағат 11:00-де (Алматы уақыты бойынша) мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Медеу ауданы, Құлжа тракті, 4В, «Ю» литері (бұдан әрі – Жиналыс). 
Қатысушыларды тіркеу сағат 9:00-де (Алматы уақыты бойынша) басталады.

Егер Жиналыс көрсетілген күні өтпеген жағдайда, ол 2026 жылғы 10 ақпанға сағат 11:00-ге (Алматы уақыты бойынша) ауыстырылады.

Жиналыстың күн тәртібі:

  1. Қоғамның Airbus A320neo отбасының әуе кемелерін сатып алу бойынша Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің 50 және одан да көп пайызын құрайтын сомаға ірі мәміле жасасу жайында шешім қабылдау туралы.
  2. Директорлар кеңесі мүшелерінің Сыйақы саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы.
  3. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау (қайта сайлау) және Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін айқындау туралы.
  4. Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау туралы.
  5. Қоғамның тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақы төлеу мөлшері мен шарттарын бекіту туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2026 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша (Алматы уақыты бойынша) қалыптастырылады. 

Корпоративтік оқиға және Жиналыс материалдарымен толық ақпаратты сілтемеден қарауға болады: https://kase.kz/kz/information/news/show/1558422 

Байланыс ақпараты:

  • Алматы: +7 (701) 006 41 81
  • Астана: +7 (701) 006 41 80
  •  WhatsApp: +7 (707) 357 31 70
  • sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ
 

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус