Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы

Құрметті клиенттер! 

Осымен 2025 жылғы 28 сәуірде 11: 30-да күндізгі тәртіпте өтетін «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы» (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын (бұдан әрі – Жиналыс): Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекен-жайы бойынша өткізу туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу уақыты (Астана уақыты бойынша) сағат 09:30-дан басталады.

Күн тәртібі:

  1. Қоғамның 2024 жылғы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы;
  2. Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы;
  3. акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы;
  4. Санақ комиссиясының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау және оның мүшелерін сайлау туралы;
  5. "KEGOC" АҚ тобының 2025 жылғы қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы.

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 03 сәуірдегі жағдай бойынша қалыптастырылады.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды 2025 жылғы 18 сәуірден бастап жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, 907 кабинет мекенжайы бойынша, сондай-ақ корпоративтік веб-сайттан алуға болады - https://www.kegoc.kz 

Егер бірінші жиналыс өткізілмесе, қайта жиналыс 2025 жылғы 29 сәуірде сағат 11:30-да жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі байланыс нөмері бойынша хабарласыңыз:

  • +7 701 006 41 81
  • +7 707 357 31 70 
  • +7 701 006 41 80

немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz

Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус