Сіздің капитал
нарығындағы Серіктесіңіз!

"БЖЗҚ" АҚ қатысуымен "Зейнетақы активтері: 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы" есептік вебинары

«Halyk Finance» АҚ «БЖЗҚ» АҚ қатысуымен Сізді зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп беру вебинарына шақырады: "Зейнетақы активтері: 2024 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы",  2024 жылдың 26 шілдесінде сағат 11:00-де Zoom-да өтеді.

Вебинардың спикерлері Halyk Finance өкілдері: басқарма төрағасы Фархад Охонов, басқарма төрағасының орынбасары Адиль Табылдиев, активтерді басқару департаментінің директоры Нурлан Мустафин, сондай-ақ, "БЖЗҚ" АҚ Алматы қаласындағы филиалының директоры Нурлан Амренов

Тікелей эфирде Halyk Finance өкілдері 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы клиенттердің зейнетақы активтерін басқару жөніндегі жұмыс нәтижелері, компанияның қайда инвестициялайтыны және оның басым мақсаттары туралы баяндайды. 

Нұрлан Әміренов зейнетақы капиталын басқару мүмкіндіктері, салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейткен заңнамалық инновациялар, сондай-ақ, инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялық қызметінің тізбесі мен нәтижелері, олардың зейнетақы жинақтарын аудару шарттары мен алгоритмдері туралы ақпаратты қайдан алуға болатындығы туралы әңгімелейді. БЖЗҚ ұсынатын электрондық сервистерге ерекше назар аударылатын болады.

Вебинарға қатысушылар болса өз сұрақтарын тікелей спикерлерге қоюға мүмкіндік алады. 

АНЫҚТАМА:

Halyk Finance зейнетақы активтерін басқару нарығына 2022 жылдың желтоқсанында кірді.

2023 жылғы кірістілік: жылдық 17,2%.

Басқару басталғаннан бергі кірістілік: жылдық 16,2%.

2024 жылғы 1 шілдедегі активтер көлемі: 32,9 млрд теңге. 

Сізді вебинарда күтеміз. Сілтеме бойынша тіркелу: 

https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_LGaV2s_MSimc2J2lwEJHeA  

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы активтерін инвестициялаумен ҚР Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), ал 2021 жылдан бастап инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) айналысады. Зейнетақы жинақтарын осындай сенімгерлік басқарудың басты мақсаты - түрлі қаржы құралдарына инвестициялау және кіріс алу.

2021 жылғы қаңтардан бастап заңнамаға сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы өзінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен жеке басқарушы инвестициялық компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығына ие болды. Бұл құқықты зейнет жасына толмаған және МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен "ең төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар салымшылар, сондай-ақ, өздеріне өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан салымшылар пайдалана алды. 

 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің күшіне енгеннен кейін салымшылар басқарушы компанияларға жарналардың міндетті түрлері есебінен қалыптастырылған өз жинақтарының 50% мөлшеріне дейін және ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтарының 100% мөлшеріне дейін аудара алады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ бес ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасты. Сіз бұлар туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөліміндегі - «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде біле аласыздар.

Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Хабарламаны жазу
Брокерлік шотты ашу туралы өтінім
Жауап қайтару
Пайларды сатып алуға өтінім
Halyk Finance-та брокерлік шот
Жеке кабинетке кіру
Для просмотра публикации требуется регистрация на сайте, пожалуйста, авторизуйтесь.
EngҚазРус