Halyk Finance «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің номиналды көлемі 500 миллион АҚШ доллары және 7 жылдық айналым мерзімі бар еурооблигацияларын сәтті орналастырғанын хабарлайды.
Өтінімдер кітабы 2026 жылдың 28 сәуірінде ашылды. Мәміле бойынша есеп айырысу 2026 жылдың 6 мамырында жүргізілді. Halyk Finance «Бәйтерек» ҰИХ-нің еурооблигациялар шығарылымының жергілікті ұйымдастырушысы болды.
Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдерді жинау «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) жазылу арқылы жүргізілді.
Еурооблигацияларды орналастыру халықаралық және қазақстандық инвесторлар тарапынан жоғары сұраныспен сүйемелденіп, сұраныс көлемі ұсыныстан 1,6 еседен астам асып түсті. Нәтижесінде өтеуге табыстылықтың соңғы мөлшерлемесі жылдық 5,375%, купондық мөлшерлеме жылдық 5,2% құрады.
«Бәйтерек» ҰИХ еурооблигацияларды орналастырғаннан кейін, оларды KASE-ке жазылым арқылы ұсынған инвесторлардың өтінімдері 18 миллион АҚШ доллары номиналды сомасына қанағаттандырылды.
Еурооблигациялар листингі «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі KASE және Вена қор биржасында (Vienna MTF) жүзеге асырылды.
***
«Halyk Finance» АҚ - брокерлік қызмет көрсету, активтерді басқару, инвестициялық банкинг сегменттерінде бағалы қағаздар нарығында жетекші орын алатын Halyk Банкінің еншілес ұйымы. Компания қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтерді және бағалы қағаздармен сауданы, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдамалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Компания инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингті («Fitch Ratings» халықаралық рейтингтік агенттігінен «BBB –») алған Қазақстандағы бірінші және жалғыз брокер-дилер болып табылады.
Жеке кабинет
+7 727 339 43 77
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің еурооблигацияларын сәтті орналастыру
8 мамыр 2026

