Құрметті клиенттер!
Halyk Finance АҚШ пен Батыс Еуропада Пасха мерекесіне байланысты қаржы нарықтарының жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
2025 жылдың 18 сәуірінде АҚШ нарықтары мен Лондон қор биржасы (LSE) жабылады, оларға өтінімдер қабылданбайды. Қазақстандық қор биржасында бұл күні KASE Global секторының бағалы қағаздарын қоса алғанда, АҚШ долларымен есеп айырысумен акциялармен және ETF сауда-саттығы өткізілмейді. Сонымен қатар, LSE 2025 жылдың 21 сәуірінде де жабылады.
Өз операцияларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты назарға алуды сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда төмендегі нөмерлері бойынша хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 701 006 41 80
- немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz.
Құрметпен,
"Halyk Finance" АҚ