Құрметті клиенттер!
Осымен 2025 жылғы 30 маусымда сырттай форматта өтетін «Аэрофлот - Ресей авиакомпаниялары» ЖАҚ (бұдан әрі – Қоғам) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан әрі-Жиналыс) өткізілетіні туралы хабарлаймыз.
Жиналыста акционерлер бірнеше қарар бойынша дауыс береді, мысалы:
- Қоғамның 2024 жылғы жылдық есебін бекіту.
- Қоғамның 2024 жылғы жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептілігін бекіту.
- 2024 жылдың нәтижелері бойынша Қоғамның пайдасын (залалын) бөлуді бекіту.
- 2024 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша дивидендтердің мөлшері, оларды төлеу мерзімдері мен нысаны Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу туралы.
- Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелеріне сыйақы төлеу туралы.
- Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
- Қоғамның Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау.
- Қоғамның аудиторлық ұйымдарын 2025 жылға бекіту.
- Қоғамның «Жасанды интеллект саласындағы Альянс» қауымдастығына қатысуы туралы.
- Қоғамның жасауға мүдделілігі бар мәмілелері туралы.
Жиналысқа қатысу үшін толтырылған және қол қойылған бюллетеньдерді келесі пошта мекенжайына жіберу қажет: Ресей Федерациясы, 119019, Мәскеу, Арбат көшесі, 1-үй, «Аэрофлот» ЖАҚ директорлар Кеңесінің Аппараты. 2025 жылғы 30 маусымнан кешіктірмей (толтырылған дауыс беру бюллетеньдерін қабылдаудың соңғы мерзімі) Қоғамның толтырылған дауыс беру бюллетеньдерін алған акционерлер сырттай дауыс беруге қатысты деп есептеледі. Сонымен қатар, акционерлердің сілтеме бойынша Қоғамның ресми сайты арқылы электронды түрде бюллетень толтырып, жіберу мүмкіндігі бар: http://ir.aeroflot.ru/ru/corporate-governance/general-meeting-of-shareholders/
Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2025 жылғы 06 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.
Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге Қоғамның корпоративтік интернет-ресурсында сілтеме бойынша қолжетімді болады: https://ir.aeroflot.ru/ru/corporate-governance/general-meeting-of-shareholders/
Қосымша сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс деректері арқылы бізге хабарласыңыз:
- +7 701 006 41 81
- +7 707 357 31 70
- +7 701 006 41 80
немесе электрондық пошта арқылы sales@halykfinance.kz
Құрметпен,
«Halyk Finance» АҚ