Halyk Finance орта мерзімді ноттарды шығару бағдарламасы аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ) 500 миллион АҚШ доллары сомасына 5 жылдық еурооблигацияларды сәтті орналастырғанын хабарлайды. Бұл орналастыру Бәйтерек ҰБХ үшін халықаралық нарықтардағы позицияларды нығайтуға және стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру үшін инвестициялық ресурстарды кеңейтуге бағытталған маңызды стратегиялық қадам болды.
Halyk Finance Alatau City Invest, J. P. Morgan, Societe Generale және Teniz Capital Investment Banking компанияларымен бірлесіп еурооблигацияларды шығару мен орналастырудың бірлескен жетекші менеджері және букраннері ретінде әрекет етті.
Бәйтерек ҰБХ еурооблигацияларын сатып алуға өтінімдерді жинау 2025 жылғы 24 қыркүйекте өтті. Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдерді жинау "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – KASE) жазылу арқылы жүргізілді.
Өтінімдерді жинау барысында халықаралық және қазақстандық инвесторлар тарапынан жоғары сұраныс байқалды. Инвесторлар тарапынан сұраныс ұсыныстан 4 есе асып түсті. Нәтижесінде Бәйтерек ҰБХ өтеуге табыстылығы 4,85% және купондық мөлшерлемесі 4,65% болатын еурооблигацияларды орналастырды.
Еурооблигациялар листингі KASE және Вена қор биржасында (Vienna MTF) жүзеге асырылды.
***
"Halyk Finance" АҚ брокерлік қызмет көрсету, активтерді басқару, Инвестициялық банкинг сегменттерінде бағалы қағаздар нарығында жетекші орын алады. Компания қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерін, брокерлік қызметтерді және бағалы қағаздармен сауданы, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтерін, инвестициялық портфельді басқаруды, сондай-ақ тұрақты талдамалы қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Компания инвестициялық санаттағы халықаралық кредиттік рейтингті ("Fitch Ratings" халықаралық рейтингтік агенттігінен "BBB -") алған Қазақстандағы бірінші және жалғыз брокер-дилер болып табылады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Halyk Finance Cbonds ақпараттық агенттігінің Қазақстан облигацияларын шығаруды ұйымдастырушылардың ранкингінде бірінші орынды иеленді.